Негізгі мазмұнға өту
globeSIM

iPhone-ға eSIM қалай орнатуға болады

Жаңартылды: 2026 жылғы 30 қазан

XR мен XS-тен бастап шыққан кез келген iPhone-ға әдеттегі SIM-картаңыздың қасына eSIM орнатуға болады. Оны үйде Wi-Fi арқылы орнатып аласыз да, ұшақ қонғанда жай ғана қосасыз. Төменде бәрін ретімен түсіндірдік, iPhone сұрайтын баптауларды да қоса.

Бастамас бұрын

  1. iPhone-ыңыз XR, XS немесе одан жаңа, әрі операторға байланбаған болуы керек. Мұны тексеру үшін «Параметрлер» («Настройки») → негізгі баптаулар («Основные») → құрылғы туралы («Об этом устройстве») бөліміне кіріңіз: оператор бұғаты («Блокировка оператора») жолында «Нет ограничений SIM» деп тұруы тиіс.
  2. Телефоныңыз Wi-Fi желісіне қосулы болсын. Орнату кезінде тек eSIM профилі жүктеледі, тарифтегі трафик жұмсалмайды.
  3. Тапсырыс туралы хат немесе тапсырыс беті ашық тұрсын. iOS 17.4 және одан жаңа нұсқада eSIM бір түртумен орнатылады, ал ескі нұсқада QR-кодты басқа экраннан сканерлейсіз.

1-тәсіл: бір түртумен (iOS 17.4 және одан жаңа)

  1. eSIM-ді қай iPhone-да қолданғыңыз келсе, соның өзінде тапсырыс хатын немесе тапсырыс бетін ашып, «eSIM орнату» батырмасын басыңыз.
  2. iPhone eSIM баптауын ашады. Жалғастыруды («Продолжить») басып, eSIM жүктелгенше бірнеше секунд күтіңіз.
  3. Жаңа eSIM-ге атау беріңіз, мысалы «Сапар».
  4. iPhone қай нөмірді қолданатыныңызды сұрағанда: әдеттегі нөміріңізді негізгі етіп, iMessage пен FaceTime үшін де соны қалдырыңыз. Мобильді интернетті («Сотовые данные») де әзірге әдеттегі нөмірде қалдырыңыз — ұшақ қонған соң ауыстырасыз.
  5. Мобильді интернетті ауыстыруға рұқсат беретін ауыстырғышты («Разрешить переключение сотовых данных») өшіріп қойыңыз. Сонда шетелде интернет үйдегі SIM-карта арқылы жүрмейді.

2-тәсіл: QR-кодты сканерлеу

  1. QR-кодты басқа экранға шығарыңыз: ноутбукта ашыңыз немесе қағазға басып алыңыз.
  2. iPhone-да: «Параметрлер» → «Ұялы байланыс» («Сотовая связь») → eSIM қосу («Добавить eSIM») → QR-кодты пайдалану («Использовать QR-код»).
  3. Кодты сканерлеңіз де, атау мен нөмірлерді 1-тәсілдегідей таңдаңыз.
iPhone-дағы ұялы байланыс баптаулары, «Добавить eSIM» жолы белгіленген
Сурет: орыс тіліндегі телефон, «Настройки» → «Сотовая связь» → «Добавить eSIM».
iPhone-да ұялы байланысты баптау экраны, «Использовать QR-код» жолы белгіленген
Сурет: орыс тіліндегі телефон, «Использовать QR-код» жолын таңдаңыз. Мәзір атаулары iOS нұсқасына қарай сәл өзгеше болуы мүмкін.

Код сканерленбей ме? Сканерлеу экранында деректерді қолмен енгізуді («Ввести данные вручную») басып, тапсырыс бетіндегі SM-DP+ мекенжайы мен белсендіру кодын теріңіз.

Ұшақ қонғанда

  1. «Параметрлер» → «Ұялы байланыс» → сапар eSIM-ін түртіңіз → «Включить эту линию» және деректер роумингі («Роуминг данных») ауыстырғыштарын қосыңыз.
  2. «Параметрлер» → «Ұялы байланыс» → мобильді интернет («Сотовые данные») → сапар eSIM-ін таңдаңыз.
  3. Wi-Fi-ды өшіріп, кез келген сайтты ашып көріңіз. Бір-екі минуттан кейін басқару орталығының («Пункт управления») жоғарғы жағында жергілікті желінің атауы шығады.
iPhone-дағы сапар eSIM-інің баптаулары: «Turn On This Line» және «Data Roaming» қосулы
Скриншот: сапар eSIM-і iPhone-да қосулы, деректер роумингі де қосулы (iPhone ағылшын тілінде).
iPhone-дағы «Сотовые данные» экраны, «Поездка» деген eSIM таңдалған
Сурет: орыс тіліндегі телефон, мобильді интернет үшін сапар eSIM-і таңдалған.

Мұнда деректер роумингін қорықпай қоса беріңіз: ол тек сапар eSIM-інде қосылады, ал оның ақысы алдын ала төленген. Әдеттегі SIM-картаңызда деректер роумингі өшірулі қалсын.

Интернет қосылмаса

  1. Ұшақ режимін 10 секундқа қосып, қайта өшіріңіз.
  2. Сапар eSIM-інде деректер роумингі қосулы екенін және мобильді интернет үшін сол таңдалғанын тексеріңіз.
  3. Сапар eSIM-ін ашып, желіні таңдау («Выбор сети») бөлімінде «Автоматически» ауыстырғышын өшіріңіз де, тізімнен желіні өзіңіз таңдаңыз.
  4. iPhone-ды өшіріп-қосыңыз. Бәрібір болмаса, тапсырыста көрсеткен поштаңыздан бізге жазыңыз — тез жауап береміз.

Сұрақтар

eSIM-ді сапарға дейін орнатуға бола ма?

Иә, тіпті солай істеген дұрыс: үйде Wi-Fi арқылы орнатып алыңыз. Тарифтің мерзімі телефон баратын елдегі желіге алғаш қосылғанда ғана басталады.

Нөмірім мен WhatsApp сақтала ма?

Иә. Әдеттегі SIM-картаңыз қоңырау мен SMS үшін қосулы қала береді, ал WhatsApp пен iMessage бұрынғыша сіздің нөміріңізбен жұмыс істейді.

Сапардан кейін eSIM-ді жоюға бола ма?

Жоймағаныңыз жөн. Әр eSIM-ді тек бір рет орнатуға болады. Оны сақтап, тек өшіріп қойыңыз, ал келесі сапарда оған жаңа тариф қоса саласыз.

Жаңа iPhone алсам ше?

Жаңа телефонды баптағанда eSIM-ді Apple ұсынатын тасымалдау мүмкіндігімен көшіріңіз немесе бізге жазыңыз — көмектесеміз.

Басқа нұсқаулықтар

Сапарға дайынсыз ба?

Бағытты таңдаңыз — eSIM бірнеше секундта поштаңызға келеді.

Бағытты таңдау →